03 Ақпан, 2016

«Астана-Көкшетау» трассасында жаппай көліктер соқтығысты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-02-16-DTP-1

КӨКШЕТАУ. 3 ақпан. Ақмола облысының аумағындағы «Астана-Көкшетау» трассасы бойында 10 автомобильдің бір-бірімен соқтығысқан жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 31 қаңтар күні сағат 21:40-тан 22:57-ге дейін «Көкшетау-Астана» трассасының 25-шақырымында орын алды. Полицияның мәліметі бойынша, Nissan Maxima көлігінің тізгінін ұстап отырған ер кісі алдындағы көлікпен арадағы қауіпсіздік қашықтықты сақтамай, сол бағытта бара жатқан «ДАФ» жүк машинасына барып соққан. Осы ұрылыс тізбектемелі соқтығысты туғызған. Осының салдарынан бұл апатқа Toyota Camry, Skoda Octavia, Kia Cerato машиналарымен бірге тағы 5 жеңіл автомобиль қосылып кеткен. Ақмола полицейлері аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша толық тексеру жұмыстарын жүргізді. «Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде екі адам дене жақатын алды», - делінген хабарламада. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаменті.