04 Ақпан, 2016

2016 жылдың алғашқы киносы

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
PAP_9720Оны түсірген жас режиссер Ақжол Әбілов Алматыда ақпанның алғашқы күні «Мезет немесе жәй ғана өмір» атты жаңа көркем фильмнің БАҚ өкілдері мен шығармашылық қоғамдас­тыққа арналған тұсаукесері өтті. Кинотеатрларда 4 ақ­пан­нан бастап көрсетіле басталатын бұл туындының режиссері – Т.Жүр­ге­нов атындағы Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің студенті Ақжол Әбілов. Бұл оның алғашқы толық метражды туындысы. Шынайы өмір жағдайларына негізделген фильм сценарийін ол Ардақ Қарықболовамен бірлесіп жазған көрінеді. Ақжол Әбілов фильмде кәсіпқой немесе кемінде тәжірибесі бар актерлардың ойнауын басты назарда ұстағанын атап көрсетті. – Бұл картинаны түсіруге 3,5 ай уақыт жұмсадық. Мақсатымыз – адам өмірінің әр сәтін бағалай білуге шақыру. Қазақ, орыс тілдерінде түсірілген бұл фильмнің неге екі тілде жасалғанын көрермен көрген кезде өзі түсінеді. Ол жас та, ұлт та талғамайтын кино. 35-40 миллион теңге қаржы жұмсалған бұл туынды биыл өтетін бірқатар кинофестивальдарда бақ сынап көрмек. Ал осы айдың аяғында көршілес қырғыз елінің Бішкек қала­сында прокатқа шығады деп күтіліп отыр, – дейді Ақжол Әбілов. Жыл соңына дейін екінші үлкен туындысын жарыққа шығаруды жоспарлап жүрген ол өз киносын көрерменді тәрбиелеу үшін, оларға ой салу үшін ғана түсіретінін айтты. Басты кейіпкерлерін Нұржан Сады­беков, Нұржан Тұтов, Гүлбахрам Бай­босынова, Алмат Сақатов, Ерден Теле­місов, Азат Сейтметов секілді өнер иелері сомдаған туынды 2016 жылы тұсау кес­кен алғашқы қазақ киносы болып отыр. Фильмнің оқиғалар желісі тәкаппар, менмен және айналадағы адамдардың пікірімен санаспайтын Асқар (Нұржан Садыбеков) есімді бойдақ әрі табысты азаматтың бір мезеттік есін жоғалту кезінде басынан өткен оқиғаларына негізделген. Ерлік Ержанұлы, журналист. АЛМАТЫ.