04 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстанда биогаз қондырғысы салынады

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-BiogazПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Петропавлда «Алекри» және «БиоТЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп биогаз жобасын жыл аяғына дейін іске асыруды жоспарлап отыр. Оның құны 1,1 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жоба жетекшісі Самат Қабдуллиннің айтуынша, жер телімдері бөлініпі берілген. Қазір құрылыс алаңында монтажтау жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтар әкелінуде. Толық технологиялық жабдық циклін қамтитын модуль түріндегі биогаз қондырғысын ресейліктер дайындады. Өндірістің тәуліктік қуаттылығы 9500 текше метр биогаз алуға бағдарланған. Сондай-ақ, 40 тоннаға дейін шикізатты қайта өңдеуге қауқарлы. Айта кетейік, құс шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша биогаз қондырғысын салу жобасы мемлекеттік бағдарлама аясында орындалып, бұл жаңартылған энергия көздерін пайдаланудың озық технологиясына айналатын болады. Өмір Есқали. Дерек, сурет: облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі. 04-02-2016-Biogaz 2