04 Ақпан, 2016

Алматыда дзюдодан Олимпиадаға лицензия берілетін турнир өтеді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 AST-1 АСТАНА. 4 ақпан. 13-15 мамыр күндері Алматыда дзюдодан халықаралық «Гран-При» турнирі өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитетінің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Аламтыда өтетін турнир Олимпия ойындарына жолдама беретін тоғыз турнирдің бірі. Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы осы жарысқа қызу дайындалып жатыр. Министрлікте осы турнирді өткізуге арналған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиында турнирді лайықты өткізу үшін нақты жоспар бекітіліп, жауапты адамдар белгіленді. Отырыс Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаевтың төрағалығымен өтті. Мұның алдында Олимпиада лицензиясына арналған жеті турнир өтеді. 6-7 ақпан күндері Парижде «Grand Slam», 19-21 ақпан күндері  Дюссельдорфта  «Grand Prix», 27-28 ақпан аралығында Прагада «European Open», , 25-27 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында  «Grand Prix»  жарысы өтсе, , 1-3 сәуір күндері Түркияның Самсун қаласында  «Grand Prix», 15-17 сәуір аралығында Ташкентте Азия чемпионатының жалауы көтеріледі. Ал, 6-8 мамыр күндері Әзербайжанның Баку қаласы  «Grand Slam» турнирін өткізеді. Содан кейін Алматыдағы жарыс болса, 27-29 мамыр күндері жер-жүзінің татами шеберлері Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін «Masters» турниріне жиналады. Осы жарыстардың ішінде ең көп ұпай берілетіні - Masters және Grand Slam турнирлері. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Ресупбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитеті.