05 Ақпан, 2016

400 литр дизель отынын ұрлаған 4 теміржолшы ұсталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
дизель отыныАғымдағы жылғы 1 ақпанда Ерейментау стансасындағы же­лілік полиция бөліміне Ерей­ментау ст. «Локомотив - 2030» ЖШС филиалының директоры шағым айтып келген. Оның айтуынша, 4 ер-азамат дизель отынын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шара­лары барысында көлік поли­цейлері 2 тепловоз маши­нисі мен 2 машинист көмекшілерін анықтап, ұстады. Олар биыл­ғы жылғы 20 қаңтар күні Ерей­ментау ст. депо аумағында тұр­ған маневрлік тепловоздан 392 литр дизель отынын ұрлаған болып шықты. Келтірілген залал көлемі 38862 теңге, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.