04 Ақпан, 2016

Қазақстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (фото)

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-02-2016-dopty hockey 03АСТАНА. 4 ақпан. Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы отандастарымыз Норвегияны 11:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, біздің құрама жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ойын барысында Қазақстан сапынан Вячеслав Бронников төрт мәрте мергендігімен көзге түссе, Рауан Исалиев хет-трик атанды. Сондай-ақ, Руслан Галяутдинов – екі, Максим Гавриленко мен Сергей Почкунов бір голдан соқты. Ал Норвегия құрамасынан Николай Йенсен екі рет біз қақпаны дәл көздесе, үшінші гол Фредрик Рэндсборгтың еншісіне жазылды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан А тобында айдын иесі Ресейден 1:9, Швециядан 4:11 есебімен жеңілген болатын. Ал үшінші кездесуде Финляндиядан 5:4 есебімен басым түсті. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: rsport.ru. 05-02-2016-dopty hockey 04 05-02-2016-dopty hockey 05