06 Ақпан, 2016

Зика вирусына қарсы вакцина

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
i111жасау үнді дәрігерлерінің қолдарынан келді Үндістан ғалымдары Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйы­мы ғаламдық қауіп-қатер ретін­де жариялаған Зика вирусы­на қарсы вакцинаны ойлап тап­қанға ұқсайды. Осы елдің NDTV те­леарнасының хабарына қарағанда, жаңа вакцина сынақтан табысты өтіпті. «Зика вирусының жайына келсек, біз әлемдегі осыдан тоғыз ай бұрын оның патентіне тапсырыс берген бірінші компания болып табыламыз», – деді Bharat Biotech International Limited ком­пания­сының басшысы Кришна Элла. «Бізге Bharat Biotech компаниясында сондай вакцинаның бар екені жөнінде ақпар келіп жетті. Біз оны ғылыми тұрғыда зерттеп көретін боламыз. Сондай-ақ, оны бұдан әрі жылжытуға мүмкіндік береміз. Бұл Make in India науқаны шеңберінде жасалған өте жақсы қадам болып табылады», – деді медициналық зерттеу жөніндегі үндіс­тандық кеңесші Соумья Сваминатхан. Еске сала кетейік, Америка мен Канада ғалымдары бұған дейін Зика вирусына қарсы вакциналар жасаумен жылдың соңына дейін індете айналысатындарын мәлімдеген еді. Мұрат АЙТҚОЖА.