08 Ақпан, 2016

Таразда таеквондодан республикалық турнир өтті

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.02.2016 TAR ТАРАЗ. 8 ақпан. Тараз қаласындағы «Қазфосфат» спорт кешенінде Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық таеквондо (WTF) федерациясының ұйымдастыруымен таеквондодан қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты еске түсіруге арналған республикалық турнир өтті. Оған Алматы, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО және Жамбыл облысынан барлығы 210 спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте Жамбыл облысының кұрама командасы бірінші орынды, Маңғыстау облысы екінші орынды, Оңтүстік Қазақстан облысы үшінші орынды иеленді. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz