08 Ақпан, 2016

Қызылордада волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ҚЫЗЫЛОРДА. 8 ақпан. Қызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске түсіруге арналған республикалық турнир өтті. Осымен он бірінші рет ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 8 команда сынға түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі күнге созылған жарыстың финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз -ТАРМУ»командасын 3:0 есебімен жеңіп, тоғызыншы мәрте турнир жеңімпазы атанды.  Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы үшінші орынды иеленсе, Түркістан қаласының «МКТУ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Турнирде Берік Өтегенов («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы) үздік қорғаушы , Алмерек Ибраев  («Байқоңыр» командасы) үздік үйлестіруші, Бауыржан Әбілдаев («Тараз-ТАРМУ» командасы) үздік шабуылшы, Ғияситдин Үсенов («МКТУ» командасы) үздік либеро атанды. Сондай-ақ, Андрей Корчагин («Байқоңыр» командасы,) «Жеңіске деген жігерлігі» үшін дипломымен марапатталса, Руфат Хамракулов («Қарабұлақ» командасы) пайдалы ойыншы, Ғалымжан Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы) әділ төреші, Аслан Зұлқарнаев («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы) үздік ойыншы болды. Турнирде жақсы өнер көрсеткені үшін бірқатар командалар мен команда ойыншылары алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz