08 Ақпан, 2016

«Мәңгілік Аспан астында» атты деректі фильм жарыққа шықты (фото)

579 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08-02-2016 filmАЛМАТЫ. 9 қаңтар. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Бақыт Қайырбековтің авторлық жобасы «Мәңгілік Аспан астында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тапсырысы бойынша «Мерген» студиясы түсірген. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы негізінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы даярланды. «Ғылымда жалпы көшпенділер жайлы, сақтардың, ғұндардың, түрік қағанатының қайдан шыққандығы және олардың кім болғандығы жөнінде алуан түрлі пікірлер бар. Ал бүгінгі тарихи жобада көшпенділер әлемдік өркениетке орталықтандырылған мемлекеттің жаңа түрін алып келгендігі туралы ой ашық айтылған», – деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Деректі фильмде көшпенділердің жалпы дүниетанымы, шаруашылығы, өмірге деген көзқарасы және ең негізгісі, ел басқару мәдениетінің адамзат тарихындағы орны көрсетілген. «Аспанның мәңгілік назарында» елдің басты тарихи оқиғалары – Ұлы Жібек жолы, Керей мен Жәнібек хандардың 1465 жылдан бастап билік құрған, яғни Қазақ хандығының негізі қаланған кезең, моңғол шапқыншылығы мен әлемдік геосаяси тұрғыдағы қайта бөлісу, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, ұлттық бірліктің жаңа символына айналған – елорда Астана және заманауи мемлекеттің негізін қалауға баға жетпес үлес қосқан – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи тұлғасы айқындалған. Фильмнің әр сериясы өз алдына туынды болып табылады, онда көшпелі халықтардың ежелгі заманнан бергі дүниетанымы жайлы, әлемдік өркениет пен «мәдениеттер байланысы» жетістіктер мен жаңалықтар, жабайы жылқыны қолға үйрету мен алғашқы металлургиялық пештердің пайда болуы, үзеңгі мен оттың және өзге де әлемдік өркениеттің құндылығы болып табылатын ноу-хауларды аша түседі. Сериал тек тарихи емес, сонымен бірге қазақ халқының ұлы мұрасы саналатын мифологияға, фольклорға және этнографияға негізделген философиялық, дүниетанымдық болып есептеледі. Айнаш Есали. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі. 08-02-2016 film 2 08-02-2016 film 3