Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған осы тақырыптағы кітап көрмесі және «Ақындар Тәуелсіздікті жырлайды» атты поэзиялық марафон өтті.
Аталмыш көрменің негізгі мақсаты – Қазақстанның қазыналы тарихын, 25 жыл ішіндегі экономика, саясат және әлеуметтік саладағы жетістіктерін, әлемдік қауымдастыққа танылған мемлекетіміздің қарышты, қарқынды даму кезеңдерін баяндау. Көрмеде бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын және 2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын түсіндіруге баса назар аударылған. Қазақ мемлекетінің сан ғасырлық даму тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету, сондай-ақ, жастардың патриоттық сезімін оятып, оң имиджін қалыптастыру шарапатты шараның негізгі міндеті ретінде айшықталған.
Көрмеден бөлек, жырдан шашу шашқан ақындардың поэзиялық кеші де өткен тарихымыздың өшпес тұстарын баяндауға бағытталды. Бодандықтан бостандыққа дейінгі ғұмырымызды әр ақын әлінше жырлады. Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Тұрғынбеков тәуелсіздік дейтін тәтті ұғымының мәні мен маңызын терең тебіреніспен қозғап, тыңдарманның ойын тарих көшіне ілестіріп әкеткендей күйге бөледі. Одан соң бүгінгі жастар поэзиясының жалынды өкілдері Ербол Бейілхан, Олжас Қасым, Ербол Алшынбай өлеңдерін өрлетті. Айтулы кештің тізгінін айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәп ұстап, әдебиет әлеміндегі ойлы оқиғаларды ортаға салды.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».
• 09 Ақпан, 2016
«Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Тұрақтылық, білегіміз – Бірлік»

Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37