Оқиға • Бүгін, 13:17

Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі: Қорғаныс министрлігі төлем ережесін өзгертті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілеріге ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі: Қорғаныс министрлігі төлем ережесін өзгертті

Фото: Ашық дереккөз

Қағидаларға «істер мен лауазымды қабылдау күні» және «істер мен лауазымды тапсыру күні» деген жаңа ұғымдар енгізілген. Бұл күндер командир бұйрығымен бекітіліп, ақшалай үлесті есептеу кезінде ескеріледі. Сонымен қатар жекелеген төлемдерді есептеу тәртібі де нақтыланды. Мысалы, әскери қызметтен теріс себептермен босатылған жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы айдағы нақты күнтізбелік күндерге пропорционалды түрде есептеледі. Құжатта сыйақы беру тәртібі де айқындалған.

Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?

Әскери қызметшілер ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін ынталандырылуы мүмкін. Сыйақылар мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, сондай-ақ мерейтойлық күндерге орай беріледі. Мерейтойлық жас 40 жастан бастап әрбір бес жыл сайын есептеледі.

Өзгерістердің әлеуметтік қолдау бөлігіне сәйкес әскери қызметшілерге берілетін материалдық көмектің мөлшері ұлғайтылған. Енді оның көлемі ең төменгі жалақыға байланысты есептеледі, бұл биыл 85 000 теңгені құрайды.

Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?

Материалдық көмек бюджет қаражатының үнемделуі есебінен төленеді. Жақын туыстарының, жұбайының немесе қайын жұртының қайтыс болуы жағдайында ол ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшеріне дейін (425 мың теңгеге дейін) жетуі мүмкін. Ал некеге тұру, бала туу, бала асырап алу, мүліктік залал немесе емделу қажет болған жағдайда үш еселенген мөлшерге дейін (255 мың теңгеге дейін) беріледі.

Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер төлемдер жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар