Медицина • Бүгін, 15:22

«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында медициналық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге арналған «Ascle» стартап жобасы таныстырылды. Жоба дәрігер жүктемесін азайтып, пациент қабылдау тиімділігін арттыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі

Фото: Ашық дереккөз

Стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаевтың айтуынша, әзірленіп жатқан жүйе дәрігер мен науқас арасындағы диалогты тіркеп, сөйлеуді таниды және оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады. Бұл деректер автоматты түрде алғашқы қабылдау картасына және медициналық құжаттардың негізгі бөлімдеріне енгізіледі. Сонымен қатар жүйе алынған ақпаратқа сүйене отырып, алдын ала диагноз қойып, емдеу тәсілдерін ұсына алады.

Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен

Жобаның басты артықшылығы – медициналық құжат толтыруға кететін уақытты 50%-ға дейін қысқарту. Соның арқасында дәрігерлер науқаспен тікелей жұмысқа көбірек уақыт бөледі, ал емханалар бір күнде қабылдайтын пациент санын арттыра алады.

Қазіргі таңда «Ascle» стартапы еліміздің төрт өңіріндегі 38 клиникада сынақтан өткен. Жоба сәтті жүзеге асса, денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет көрсету сапасын жақсартып, кезек мәселесін азайтуға мүмкіндік береді. 

Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады

Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03