Астанада Ұлттық музей мен «Қазақстан ұлттық география қоғамының» ұйымдастыруымен Исмаилжан Иминов және Орденбек Мазбаевтың «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Шоқан Уәлихановтың қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің жарқын өкілі, ағартушы-демократ, саяхатшы, көптеген ғылым негізін салушы, Орыс география қоғамының мүшесі екені белгілі. Шоқан Шыңғысұлы қазақ халқының алғашқы дарынды географы бола отыра, өзінің қысқа ғұмырында тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар, көршілес жатқан аумақтардың да географиясына елеулі үлес қосты. Ғылыми нәтижелері оның: «Іле Алатауы өлкесінің географиялық очерктері», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» жолжазба еңбектерінде жан-жақты баяндалған.
Нағыз ғылыми ерлігі ғалымның Қытай жеріндегі Қашқарға сапары болып табылады. Осы сапардың нәтижесінде «Алтышәр немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Мұнда ол өзін географияда терең білімге ие, байқағыш, білімді ғалым ретінде танытты. Ғалымның қазақтарға, ұйғырлар мен қырғыздарға арнаған этнографиялық шығармаларының маңыздылығы да жыл санап арта түсуде.
2014 жылы «Қазақстан ұлттық география қоғамы» Қашқарияға экспедиция ұйымдастырып, зерттеушілер ұлы ізашар болған жерлермен жүріп өтті. Нәтижесінде ұлы ғалымның 180 жылдығына орай «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» атты кітап жарық көрді. Қазақ және орыс тілдерінде шыққан жинақ «Қашғарды Шоқан Уәлиханов экспедициясымен зерттеу» және «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» атты екі бөлімнен тұрады. Кітаптың негізін экспедицияға қатысушылардың әсерлері мен пікірлері құрайды. Туындыда танымдық деректер молынан қамтылған, жеңіл әрі қызықты оқылады. Бірегей экспедицияның фотосуреттері мен тартымды эпизодтары ешкімді бейжай қалдырмайды.
Ұлттық музейдегі кітап тұсаукесерінде «Қазақстан ұлттық география қоғамының» атқарушы директоры Жанна Рүстем, Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов, кітап авторлары Исмаилжан Иминов пен Орденбек Мазбаев және басқа ғалымдар кітап туралы пікірлерін ортаға салды.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29