Кеше «Бірлік» саяси партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды. Дәл осындай қабылдау бөлімдері еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істей бастайтын болады. Бұл жерлерде сайлаушылардың партия, партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар туралы мәлімет алып, олардың қоғам өмірінің барлық саласына қатысты сұрақтарына жауап беруге толық мүмкіндік жасалған.
Бұл күні Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне келген азаматтардың кейбірі, бірінші кезекте, «Бірлік» партиясының сайлауалды бағдарламасын білгісі келсе, енді бірін сайлаушылардың құқығы мен міндеттері қандай деген мәселе қызықтырды. Сонымен қатар, келушілердің барлығы «Бірлік» партиясының еліміздегі басқа саяси күштерден айырмашылығы қандай деген сауалдарын қойып жатты.
Осыған орай, партия мүшелері келушілердің сұрақтарына толық жауап беріп, құқықтық мәселелерге байланысты кеңес берді. Мәселен, партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышевтың айтуынша, қоғамдық қабылдау бөлмесі алдын ала белгіленген уақыт аралығында, яғни таңғы сағат 9-дан бастап, кешкі сағат 6-ға дейін қызмет ететін болады.
«Біз бұл жерде оларды толғандыратын сауалдар бойынша қабылдауға дайынбыз. Кешеден бері Қарағанды, Ақмола облыстарында ашылды, басқа өңірлерде де біртіндеп ашыла бастады. Сайлауға дайындығымыз өте жоғары деңгейде. Біз сайлаушыларға тарататын құжаттарымыздың мазмұнына айрықша мән береміз. Оларда біздің мақсаттарымыздың шешілу жолдары айқын көрсетілген», – деді Т.Қуанышев.
Ал партия мүшесі Мұрат Раев қазіргі таңда сайлауалды науқанның қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге арналған орталық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жүргізетін қызмет жүйесі құрылғанын, ал жергілікті жерлерде партияға қатысты насихат жұмыстарын жүргізетін насихатшы топтардың құрыла бастағанын жеткізді.
«Біз ақпан айының 20-сынан бастап, яғни ресми түрде сайлауалды науқанымызды жүргізетін боламыз», – деді ол өзінің сөзінде.
Жалпы, қоғамдық қабылдаудың жұмысы іркіліссіз жүруі үшін арнайы жұмыс кестесі жасалған екен. «Бірлік» саяси партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдері азаматтарды саяси науқан аяқталғанға дейін қабылдайды.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Астана.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше