«Сәтті қадам» республикалық жобасы аясында жүзеге асады
Шығыс өңірінде «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» акциясы сәтімен жүзеге асып келеді. Аталған жоба аясында жоғары немесе арнайы оқу орындарын тәмамдаған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жұмысқа орналастырылуда. Кеше Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жасотандықтар өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындардың жетекшілерімен бас қосты. Кездесуге жоғары және арнайы оқу орындарында оқитын 50-ден астам жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. Жиын барысында «Сәтті қадам» жобасы аясында жоғары және арнайы оқу орындарын тәмамдайтын түлектерді жұмысқа орналастыру және қолдау көрсету, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен үлкен кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастармен байланыс орнату үшін кәсіпорын басшыларымен келісімшарт бекітілді.
– «Нұр Отан» партиясының негізгі басымдықтарының бірі – әлеуметтік саясатты жүзеге асыру. Елбасы жастардың жұмысқа орналасуы үшін мемлекеттік мекемелер мен түрлі кәсіпорындарда алғашқы тәжірибені жинақтап, білімін еңбекпен ұштауына қолдау көрсету жөнінде үнемі айтып келеді. Осы арқылы екі мәселенің алдын алуға болады. Яғни, жастардың арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жас қазақстандықтарды ел экономикасын жаңғыртуға тарту. «Сәтті қадам» жобасы осы мәселелердің шешімін қарастырады, – деді партияның «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Маржан Бақыт.
Оның айтуынша, жоба аясында мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, жоғары және кәсіптік-техникалық білім алған жетім балаларды жұмысқа орналастыру, жастардың жұмыспен қамтылуы туралы шынайы жағдайды бақылау және мониторинг жасау сынды маңызды міндеттер қарастырылған.
Бүгінде бұл жобаны жүзеге асыруға шығысқазақстандық кәсіпорындар үлкен қолдау көрсетіп отыр. Атап айтқанда, кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының жетекшісі Маржан Бақыт «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жастар бірлестігінің төрағасы Михаил Байтеряковпен, «Шығыс-Сүт» ЖШС бас директоры Сейілжан Сайлаубаевпен, «ОРЕОЛ» ЖШС директоры Сергей Коротинмен және «Өскемен қағаз фабрикасы» ЖШС директоры Ерлан Жармұхаметовпен өзара әріптестікті дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.
– Біздің негізгі міндетіміз «Сәтті қадам» жобасы шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде әріптестік орнату, қоғамның барлық саласын жастарды шығармашылық, мәдени, рухани және зияткерлік тұрғыдан дамытуға тарту болмақ, – дейді шығысқазақстандық жасотандықтар.
Аталған бағдарлама аясында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен қамту мәселесін 2016-2018 жылдар аралығында толығымен шешу көзделген.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше