жоғары оқу орындарын бітіретін жалғызілікті түлектерді жұмысқа орналастыруға ынта танытты
Атырауда төрт жылдан бері «Сәтті қадам» жобасымен жоғары оқу орындарының түлектерін ірі кәсіпорындарға әуелі іс-тәжірибеден өткізу жобасы қолға алынып келеді. Мәселен, «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Асқар Бопылдықовтың айтуынша, өткен жылы осындай жобаға 60 түлек қатысқан. Үш айлық іс-тәжірибеден өтуге тартылған олардың дені өз бетімен жұмыс тапса, 2 түлек қана жоба бойынша тұрақты жұмысқа тартылыпты.
Енді биыл бұл жобаға ата-ана қамқорлығынсыз қалған түлектерді тарту көзделіп отыр. Осыған орай «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалы мен үш ірі кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау темір-жол бөлімшесі және «ҚазТранГаз» компаниясының өңірлік филиалы арасында меморандумға қол қойылды. Түлектердің іс-тәжірибеден өтуіне ынта танытып отырған кәсіпорынның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты бұған дейін де студенттерге қолдау көрсететіндердің қатарынан саналады. Былтыр бұл кәсіпорын 340 студентті тәжірибеден өткізіпті. Аталған кәсіпорынның персоналдармен жұмыс және еңбекақы төлеу басқармасының бөлім басшысы Әсел Жайлашованың айтуына қарағанда, мұнай өңдеу зауытына химиялық технологиялар мен органикалық заттар және машина құрастыру мамандықтарын меңгерген түлектер көбірек қажет етіледі. Кәсіпорын елімізде осындай мамандықтарды дайындайтын бірнеше жоғары оқу орындарымен келісімге сай студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне қолдауын көрсетіп келеді. Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК Атырау жол бөлімшесінің бөлім басшысы Бауыржан Қартанның айтуына қарағанда, бұл салада логистиканы дамытуға басым бағыт ұсталып отыр. Сол себептен, Атырау мұнай және газ институтында темір жол көлігі саласына қажетті мамандарды бірлесе дайындауға көңіл аударылады.
– Біз осы жоба арқылы жоғары оқу орнын бітірген түлектердің ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтіп, келешекте жұмысқа тұруына атсалысуды көздедік. Бұрын түлектердің ынта танытушыларын жобаға тартқан болсақ, биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған түлектерге басымдық беріп отырмыз. Бүгін кәсіпорын ынта танытып, бізбен келісімге қол қойды. Енді осы айдың соңына дейін тағы да 20-ға жуық ірі кәсіпорындармен келісімге қол қою жоспарланып отыр. Олардың арасында ірі мұнай компаниялары, мемлекеттік мекемелер бар, – деді «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Асқар Бопылдықов.
Атырау мұнай және газ институтының студенті Гүлханым Өтешқалиева биыл материал тану және жаңа материалдар технологиясы мамандығын меңгеріп шықпақ. Болашақта мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда, соның ішінде, мұнай өңдеу бағытында жұмысқа орналасуды көздейді. «Өйткені, мұнай өңдеу саласында инновациялық және нанотехнологияларды қолдану қажеттігі туындап отыр. Өзім осыған үлесімді қосқым келеді», дейді ол.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше