Қазақстанның аязды, боранды күнінде далада еңбек ететін жұмыскерлерге, құрылысшыларға пима ауадай қажет. Сыртта жүретіндердің әсіресе, аяқтары тоңбауы аса маңызды. Аяқтары тоңса денсаулықтарынан айрылып, берекелері кетеді. Сол үшін де олар көбіне «Роза» ЖШС жасайтын пиманы сатып алып жатады. Бүгінде кәсіпорынның жасаған пималары сұранысқа ие болған. Кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларын тиімді бағамен сатып, пайдаға кенелуге мүмкіндік туып отырғанын айтады. Жергілікті киіз басу комбинаты мемлекеттің қолдауымен қайта жаңғыртылды. Жақында кәсіпорын озық құрал-жабдық сатып алып, өнімнің сапасын халықаралық деңгейге жеткізді. Семейдің киіз басу комбинатының өнімдері елімізде ғана емес, шетелдерге де кеңінен танылған. 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Роза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пималары мен аяқ киімдеріне сұраныс бір бәсеңсіген емес.
– Біздің киізден жасалған аяқ киімдер тұтынушылардың көңілін баяғыда-ақ жаулап алған, – дейді тігін цехының шебері Алена Чережединова. – Өйткені, таза жүннен жасалады. Пималарымыз қыстың қақаған аязына төтеп берсе, етіктер мен тәпішкелеріміз де жоғары талғаммен жасалған, өте ыңғайлы. Соңғы жылдары кәсіпорын мемлекеттің қолдауымен ауқымды жаңғыртудан өтті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан алынған қаржыға заманауи қондырғылар сатып алыныпты. Қазір еңбек өнімділігі артып, өнім сапасы әлдеқайда жақсарды дейді мұндағылар. Жақында Семей киіз өнімдеріне Ресей астанасы – Мәскеуден сұраныс түсіпті. Алғашқы келісімшарттар да жасалған. Комбинат көрші мемлекетке 100 тоннадан артық киіз жіберуге келісіпті. «Роза» ЖШС жетекшісі Харис Сайфутдиновтың айтуынша, олар семейлік өнімдер туралы ғаламтордан білген екен. Біз жарты орам киіз жібергенімізде мәскеуліктер зертханалық тексерулер жасап көріп, сапаның өте жоғары екендігіне көз жеткізген. Ресейге киіз өнімдерін бізден алған тиімді, өйткені, Семейдегі шикізат қоры өте мықты.
Жергілікті тұрғындар да комбинат өнімдерін жоғары бағалайды. Пималар мен етіктер аяққа жұмсақ әрі жылы. Отандық тауарлар жақында «Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқауында да биік тұғырдан көрінуі тегін емес. Осыдан он жыл бұрын жүн жетпей жататын. Бұл күндері облыста мал басы өскендіктен, шикізаттан кедергі жоқ. Барлық ауданнан мал жүні әкелініп тапсырылады екен.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13