Қазақ жеті қазынаның біріне балап, қасиетті жануар санайтын жылқы жарықтық адамның ойы мен ниетін бет құбылысының өзгерісіне қарап-ақ түсіне беретін болып шықты. Оны Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің психологтары таяуда ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Мұның алдында оқымыстылар адам мимикаларынан құралған «сөздікті» құрастырып алыпты. Онда бір адамның түсін көрсетіп, ыржиып тұрғанын бастап, ашу шақырғанға дейінгі түрін толық қамтитын ымдар мен ишаралар бар. Міне, осы көріністерді бейнелейтін суреттер сосын Сассекс пен Суррейдің 5 ат қорасында тұрған 28 жылқыға көрсетіледі. Сонда зерттеушілер түрі әлем-тапырық болып тұрған кісінің рәсімін көрген кезде жылқылардың жүректері атқақтап, жиі соғып кететінін байқаған. Бұған қоса, жылқылар осындай зұлым текті адамдардың суреттеріне тек сол көздерімен ғана қарайтын болған. Ашулы адамдарға иттер де тап осылай қарайды екен. Ғалымдар мұны қорқыныш туғызатын немесе өте қорқынышты кескін-келбеттер жөніндегі ақпарлар жануарлар миының оң жақ жарты шарында өңделіп шығатынымен түсіндіреді.
«Жылқылардың адам бет құбылысына қарай икемделуі олардың туабітті қалыптасатын қасиеттері болуы да мүмкін. Өйткені, олардың эволюциясы адам өмір жолымен тығыз байланысты»», – деді зерттеу авторларының бірі Карен Маккомб.
Ғалымдар жылқылардың әлеуметтік түр болып табылатынын бұдан бұрын да білген. Алайда, жаңа жұмыстың нәтижелері адамның көңіл-күйі оларға қаншалықты тікелей әсер ететінін айқындап берді. Осыған орай бұл жануарлар да өздерінің бет пішіндерін өзгертіп тұратын болып шықты. Зерттеушілер жылқыларда мұның 17 түрлі нұсқасы бар екенін айтып отыр.
Руслан ИГІЛІК.

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:33
Жамбыл облысында жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт іске қосылды
Экономика • Бүгін, 20:07
Қазақстан Қытай қор нарығына алғаш рет тәуелсіз панда-облигацияларын шығарды
Экономика • Бүгін, 19:30
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жөнінде жиын өткізді
Тарих • Бүгін, 19:15
Ұлттық ғылыми онкология орталығы МАГАТЭ-нің Орталық Азиядағы жетекші орталығы болады
Медицина • Бүгін, 19:00
Чжао Лэцзи І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 18:25
Құрбан айт қарсаңында Ақтөбе облысындағы шекарада кептеліс пайда болды
Мереке • Бүгін, 18:03
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты
Футбол • Бүгін, 18:00
Шымкенттік түлек әлемнің беделді 74 жоғары оқу орнынан шақырту алды
Қоғам • Бүгін, 17:38
Президент Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 17:17
Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді
Білім • Бүгін, 17:01