Осыдан біраз бұрын Сербия парламенті елдің қорғаныс министрі Братислав Гашичті орнынан алды. Елдің қорғаныс қабілетін әлсіреткені үшін емес, бір журналист әйелдің орынсыздау өтініш-сұрағына орынсыздау әзіл жауап қатқаны үшін. Мұндайда қазақтар «Басқа пәле – тілден» дейді.
Сөйтіп, сербтердің қорғаныс министрі Гашич не айтып, аузынан қалай қағынды? Тіпті, бұл жаңа жылдан бұрын желтоқсанда болған еді. Содан, дүрмек, айқай-шу бүгінге жетіп отыр. Сонда бір ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесу кезінде Б92 дейтін басылымның журналисі қорғаныс министрінің алдына келіп, тізерлеп тұрып, оператор камерасын көлегейлемеуін өтінеді. Бәлкім министр Гашич журналистің тізерлегенін әзілге де бұрған шығар: «Журналист қыздардың оп-оңай тізерлей салғанын ұнатамын-ақ» дейді.
Әрине, ресми адам үшін орынсыздау жауап қой. Әсіресе, ілік іздейтіндерден сақтанғаны жөн еді. Сөйтсе де, біздің әріптесіміздің де, ресми адамның алдына тізерлей қалып, өтініш айтуын тапқырлық дей алмайсың. Тіпті, мұны арандатуға жетелейтін де әрекет деп айтуға болар еді. Министр Гашичтің арандап қалғаны анық. Бұл жағдайды оған қарсылар қапы жібермейді. Журналистер арасында біраз сөз болып еді, оны басқалар да қолдай кетті. Сірә, қорғаныс министріне тіс қайрағандар аз болмаса керек. Бұл журналистерге де дем берді: жаңа жылдың алдында Сербияның біраз қалаларында журналистер көшеге шығып, министрді отставкаға жіберуді талап етті.
Іс насырға шауып бара жатқанын аңғарған парламент талқылауға мәжбүр болды. Насырға шабады дегенде, қолында пікір тудыру мүмкіндігі бар ақпарат құралдары бұдан кейін де шулай беруі мүмкін. Мұның әрине қажеті жоқ. Ал парламенттегі талқылаудың оңай болмағаны аңғарылады. Талқылаудың қалай өткені бізге белгісіз. Бізге жеткен хабар бойынша ол сегіз сағатқа созылыпты. Өз сөзінде елдің премьер-министрі Александер Вучич қорғаныс министрін отставкаға жіберу әсте де оның қызметіне байланысты емес, «әдеп, сыйластық, құрмет мәселесіне» байланысты екенін атап көрсетуді өтініпті. Осыған қарағанда, Гашичті босатуға қарсылар да аз болмаған сияқты. Дегенде, бұл талай адамға сабақ болатын шығар.
Бір нәрсені көріп, екінші нәрсе еске түседі деген бар. Осыған біршама ұқсас жай осыдан екі жыл бұрын 18 сәуірде Ресейдің Мемдумасында да өткен. Сондағы бір баспасөз өкілдерімен кездесуде «атақты» Владимир Жириновский «Россия сегодня» агенттігінің журналисіне (оның аяғы ауыр екен) өзіне ұнамайтын сұрақ қойғаны үшін қайталап айту қиындау сөздермен жер-жебіріне жете айқайлаған. Сол әйел журналистке тағы бір әйел журналист ара түскенде ЛДПР көсемі тіпті құтырынып кеткен.
Әдеп керек, құрмет керек. Ол өзі көбіне сөзден басталады. Сөзбен біреудің көңілін де көтересің, балағатпен көңілін де өшіресің. Сербия Скупшинасы біраз жұртқа сабақ болғандай шешім қабылдады. Адамның өз аузына абай болғаны жөн.

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20