16 Ақпан, 2016

Қазақстандық армян қызы

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
барша әлем ғалымдарына көмектесетін сайт ашты Қазақстанда тұратын Алек­сандра Элбакян есімді армян қызы әлемнің барлық ғалымдарына көмек көрсететін өзгеше бір сайт ашып, жұмыс жасап жатыр. Оны бұған итермелеген қазіргі таңдағы ғылыми жұмыстарды жариялау бағаларының тым қымбат екені болып отыр. Жақында атақты Гарвард уни­верситетінің 15 мың ғалымы үндеу жариялап, ғылыми жұмыстар үшін орасан зор ақы талап ететін Elsevier баспасына бойкот жариялады. Негізінен бұл нәшірияттың таза табысы бес миллиард долларды құрайды екен. Бірақ ғалымдар сонда жарияланған еңбектері үшін бір тиын да ақша алмайды, қайта соны шығару үшін қалтасынан қаржы шығарады. Көп жағдайда олар, тіпті, өздерінің еңбектерін де көре алмайды. Себебі, олардың университеттері бұл журналға жазылмаған. Зерттеуші сол сияқты Cognition журналына еңбегін жария­лау үшін 2 мың доллардан артық ақша төлейді екен. Ал мұндай беделді басылымдарда еңбектері жарияланбаса, олар ғы­лыми атақ­тарын қорғай алмайды. Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген Александра Элбакян да осы қиындықтармен бетпе-бет келіпті. Ол қымбат баға­лы мақалаларын еш жерде жариялай алмаған. Содан кейін осымен күресуге бел байлапты. Ақыры, оның тиімді жолын тапқан. Сөйтіп, Элбакян 2011 жылы Sci-Hub деп аталатын арнайы сайт ашыпты. Келіп түскен еңбек сұраныс болған жағдайда тексеруден өткізіледі. Ең алдымен LibGen (ол да пираттық) сайтының мағлұматтар базасында бар-жоғы қарастырылады. Егер жоқ болып шықса, алгоритм баспаның немесе қажетті журналдың сай­тындағы пэйволды айналып өтеді. Оған қолжетімділік кілтін осы немесе басқа да мағлұматтар базасына қосылған университеттер ғалымдары береді. 2015 жылғы қарашада Нью-Йорктегі сот sci-hub.org доменін алып қою жөнінде қаулы шығарды. LibGen сайтынан да домені алынып қойылды. Алайда, Элбакян алған бетінен қайтайын деп отырған жоқ. Оның айтуына қарағанда, әділетсіздік көрсетіп отырған Аме­рика сотына ешкім де бара қой­майды. Оның үстіне Sci-Hub және LibGen сайттарының сер­верлері Ресей және Нидерланд ел­дерінде тұр. Олар қазір мүлдем бас­қа домендермен жұмыс жасап келеді.