АСТАНА. 17 ақпан. Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты шеңберінде Астананың «Барысы» Қазанда жергілікті «Ақ Барспен» кездесіп, 2:5 есебімен жеңілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ойын айдын иелерінің айқын басымдығымен басталды. Кездесудің бар болғаны 3-минутында қазандықтар Джастин Азеведудің көмегімен есеп ашты. Арада 7 минут өткенде, Федор Малыхин есепті еселеді. Бұнымен де тоқтамаған «Ақ Барс» хоккейшілері үзіліске дейін тағы бір шайба соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Атап айтқанда, 16-минутта Артем Лукоянов мергендігімен көзге түсті.
Екінші кезең басталмай жатып, қарсыластарымыз төртінші шайбаларын соғып үлгерді. Нақты айтар болсақ, 22-минутта Малыхин дубльдің авторы атанды. Осы голдан кейін ес жиғандай болған «Барыс» 2 минуттың ішінде, яғни 25 және 27-минуттарда екі шайба соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлаған еді. Бұл голдардың авторлары – тиісінше Дастин Бойд пен Роман Старченко.
Алайда, ойынның 32-минутында «Ақ Барс» сапынан Василий Токранов нәтижелі соққы жасап, командасының 5-шайбасын соқты. Қалған уақытта есеп өзгермей, Татарстанның командасы жеңіске жетті.
Осылайша, «Барыс» биылғы маусымда 31-рет жеңіліп отыр. Бүгінде қоржынында 83 ұпай бар командамыз Шығыс Конференциясында 9-орында тұр. Плей-офф жолдамасына таластағы басты бәсекелесіміз Нижнекамскінің «Нефтехимигі» бүгін сырт алаңда Тольяттидің «Ладасын» жеңіп, турнир кестесінде бір саты көтерілді. «Лада» әзірге 86 ұпаймен 8-орында тұр.
Енді лиганың тұрақты чемпионаты аясында бір ғана тур қалды. Ол турда «Барыс» Омбыда жергілікті «Авангардпен» сынға түседі. Ал «Нефтехимик» өз алаңында Уфаның «Салават Юлаевын» қабылдайды. Бұл кездесулер 18 ақпан күні өтеді.
Астаналықтардың плей-оффқа өтуден әлі де болса үміті үзілген жоқ. Ол үшін Андрей Назаровтың шәкірттеріне соңғы ойында жеңіп қана қоймай, «Нефтехимиктің» негізгі уақытта жеңілуін тілеуден басқа амалдары жоқ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.
• 17 Ақпан, 2016
«Барыс» «Ақ Барстан» жеңіліп, жағдайын қиындатып алды

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49