Прага қаласында белгілі композиторлар Вольфганг Амадей Моцарт пен Антонио Сальеридің бірігіп жазған туындысы табылды. Құнды дүние Чехияның Шарка Дочкалова атындағы музыкалық мұражайынан шықты. Ғалымдардың айтуынша, бұл шығарма осыдан 200 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен екен.
Әйгілі композитор Моцарттың дүниеге келгеніне биыл 260 жыл толады. Ол – Вена классикалық мектебінің елеулі өкілі. Өмірінің соңына дейін 600-ден астам еңбек жазып қалдырған.
Сальери де XVIIІ ғасырдың соңындағы музыка әлемінде танымал болған тұлға. Еуропа музыкасына қатысты мәртебелі орындардың бірі – сарай маңындағы капельмейстер лауазымына дейін көтерілген. Людвинг ван Бетховен, Франс Шуберт, Ференц Лист сынды белгілі композиторларға ұстаздық еткен. Алайда, оның артында Моцарттың жетістігін қызғанып, өліміне тікелей себепші болды деген дақпырт қалған. Бірақ 1997 жылы сот оны толық ақтап, кінәсіздігін мойындады.
«Моцарт пен Сальеридің бірігіп жазған бұл еңбегі жұрт арасына кеңінен тарап кеткен австриялық ұлы композиторды италиялық әріптесі өлтірген дейтін болжамды жоққа шығарады. Олар бір-біріне жоғары құрмет көрсеткен және нағыз адал достар болған», – деп есептейді музыка мұражайының қызметкерлері.
Аян ӘБДУӘЛИ.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49