17 Ақпан, 2016

Скайп-семинар

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Коммунистік халық партиясының Орталық кеңсесінде партия басшылығы мен облыстық және қалалық комитеттері бел­сенділерінің қатысуымен электоратты кезеңде Қазақстан Республикасы заңнамасын ұстану бойынша кеңес беретін скайп-семинар өтті. Жиында сөз алған ҚКХП Орталық кеңсесінің басшысы В. Смирнов: «Заң­ды­лыққа сәйкес, жұмыс жүр­гізу – біздің негізгі ұста­ны­мымыз. Партия өз кезе­гінде қазіргі заманғы ком­мунистік тәрбиенің негізі ретінде қол­даныстағы заң та­лап­тарына басымдық береді. Сон­дықтан, біз үгіт-насихат жұ­мыстарына дайын­дық­ты заңнама бойын­ша жат­тық­тыру семи­нарынан бастауды жөн көріп отырмыз», – деді. Семинар барысында пар­тия өкілдері үгіт-наси­хат жұмыстары барлық кезең­де қолданыстағы заң шеңберінде атқарылуы тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, сайлау заңнамасы мен тиіс­ті шараларды өткізу ерек­шеліктерін талдай келе, қол­даныстағы заңнаманы қатаң ұстану қажеттігін, пар­тияның әрбір мүшесі оны қабылдап, қолданып және алған білімін аудандық және бастауыш ұйымдардағы әріп­тестерімен бөлісуі тиіс­тігін атап өтті. Шара соңында В.Смир­нов семинарда жинақталған тә­жірибе облыс орталықтары мен аймақтардағы коммунистерге партияның бағдарламалық мақсаттары мен коммунистік ұста­ным­дарын іске асыру үшін үлкен мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бұл күні, сонымен қатар, облыстық және қалалық ко­ми­теттерге үгіт-насихат ж­ұ­мыстарын реттейтін заң­ға қосымша нормативтік ак­ті­лер мен заңнан үзінділер жі­бе­рілді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».