Алматыда «Ауыл» партиясы журналистерді жинап, 2015 жылғы қоғамдық қабылдау жұмыстарының нәтижелері туралы жариялады. Өткен жылдың қыркүйек айында «Патриоттар» партиясымен біріккен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы содан бері жұмысын ширата түсті.
– Осыған орай кез келген азамат өзін мазалаған мәселесі мен ұсыныстарын бізге келіп, сұрақтарына толыққанды жауап алуға мүмкіндігі бар. Немесе бізге телефон арқылы да хабарласа алады. Одан бөлек, партияның ресми сайтында (www.auyl.kz) онлайн қоғамдық қабылдау бөлімі бар. Оған да бүгінгі таңда тұрғындардың өтініші көптеп түсуде. Оның ішінде бізді қуантатыны – «Ауыл» партиясын қолдап, біздің партияның қатарына қабылдау туралы өтініштер көбеюде. Ауылдың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, жер ресурстары мен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану арқылы экологиялық таза өнім алу туралы және жеке мәселелерге арналған хаттар да бар. Сонымен бірге, жұмысқа орналастыру туралы өтініштер мен еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты арыз-шағымдар басым, – деді брифингте «Ауыл» ХДПП Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапаров.
Сонымен, өткен жылдан бері Алматы қаласы бойынша партияға өз шағымдарымен 40-қа жуық азамат келген. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайы туралы, бизнеске көмектесу, жұмысқа орналастыру, пәтер алу үшін тізімге тұруға, емделуге көмектесу, дүкендерде сатылып жатқан тауарлар сапасының төмендігі немесе қолдану мерзімінің өтіп кеткені туралы мәселелер бар.
Мәселен, осы шағымдардың ішінде партияның араласуымен өнер майталманы, зейнеткер Мәриям Қапесованың қыстағы суықта үйді жылытатын пешінің істен шығып қалуы, немесе қонымды бағамен экологиялық таза өнімді сатып отырған отыз арендатордың павильондарынан орынсыз шығарылуы, сол сияқты басқа да мәселелер дер кезінде шешімін тапқан.
Партия «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалу барысын қадағалау мақсатында да қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізіп отырғаны айтылды.
Бұл маңызды міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін «Ауыл» партиясы өткен жылдың 8 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды бекіткен. Бұл құжат партия бағдарламасын жүзеге асыруда және еңбек қарым-қатынастары саласында қоғамдық бақылау орнату жүйесін құруда үлкен маңызға ие.
Айнаш ЕСАЛИ.
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10