17 Ақпан, 2016

Оңтүстікте кәсіпкерлік мектебі көмек береді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.02.2016 OQO-4 ШЫМКЕНТ. 17 ақпан. Кәсіпкерлік мектебі өз бизнесін ашамын деген азаматтарға мол мүмкіндік ұсынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мектепте кәсіпкерлік негіздері, тақырыптық семинар-тренингтер оқу курстарын өткізіп және өндірістік немесе шаруа қожалық аймақтарында тәжірибелік мастер-класстар ұйымдастырады. Жалпы оқу мерзімі 10 күн, оның 2 күні тәжірибелік мастер-класстар. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында оқу курсын сәтті аяқтағандарға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, Кәсіпкерлік мектебінің түлектеріне орыс және мемлекеттік тілдерінде авторлық «Шаруа жолсерігі» технологиялар жиынтығы кітабы мен «Кіші бизнеске 100 идея» атты бизнес-жоспарлар жиынтықтары беріледі. Сондай-ақ, оқу курсын аяқтағанын растайтын сертификат тапсырылады. Аталған Кәсіпкерлік мектебінің сертификаты, «Ырыс» МФҰ -нан төмен пайызды микронесие алуларына толық мүмкіндік береді. Биылғы  жылдың басынан оқу курсын өтуге облыс бойынша 500 – ден астам адам өтініш тапсырған болса, 8 ақпаннан бастап 230 адам оқуды бастап кеткен. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz