17 Ақпан, 2016

Алматыда тарихи-құжаттық көрме өтті

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-02-2016 muragat 2АЛМАТЫ. 17 ақпан. Алматыда Президент мұрағатында Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Елдің интеллектуалды капиталы: Тәуелсіз Қазақстанның зоология ғылымы» атты тарихи-құжаттық көрме және дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тарихи-құжаттық көрме Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті зоология институты, Ғылыми техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағатымен (ҚР ҒТҚ ОММ), «Ғылым Ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын ведомстволық мұрағатымен бірлестікте дайындалды. Зияткерлік көрмеде Қазақстанның зоология ғылымының тарихын, оның қалыптасуы және дамуын бейнелейтін мұрағат құжаттары: зоология секторының құрылуы туралы хаттамалар мен қаулылар, басшыларды тағайындау туралы хаттамалардан үзінділер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен есептері, жарияланған еңбектер туралы мәліметтер, институттың зерттеу қызметі мен халықаралық қатынастары бойынша хат алмасу ұсынылды. Көрмеде сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген жәндіктердің зоологиялық коллекциялары, зоология институтының еңбектері орналастырылды. Көрменің салтанатты ашылуында Президент мұрағатының директоры Борис Жапаров, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Ғылыми техникалық құжаттама орталық мемлекеттік мұрағатының директоры Гүлайхан Сәрсенова сөз сөйледі. Дөңгелек үстел шеңберінде Павел Мариковскийдің Президент мұрағатының қорында сақтаудағы қолжазбасының негізінде дайындалған «Воспоминания натуралиста, зоолога, писателя» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер ҚР ҒТҚ ОММ-да сақтаудағы Павел Мариковскийдің жеке қорының материалдары негізінде дайындалған көрмемен қоса өткізілді. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz. 17-02-2016 muragat 1