17 Ақпан, 2016

«Мәңгілік Ел» пойызы Балқаш қаласына келді (фото)

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-02-2016 mangilik el 5ҚАРАҒАНДЫ. 17 ақпан. Астанадан шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы Балқаш қаласына жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшіcі хабарлады. «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мəңгілік Ел» пойызы жалпыреспубликалық акциясына қатысушылар бүгінгі жұмысын Балқаш қаласында жалғастырады. Қала жұртшылығы үлкен қуанышпен қарсы алып, жырдан шашу шашты. Сəрсенбі күні «Мəңгілік Ел» акциясының жұмысына қатысушы министрлік өкілдері халықпен кездесулер ұйымдастырып, пойыз құрамындағы 30-дан астам жоғары білікті дəрігерлер тұрғындарды қабылдап, медициналық кеңестер беруде. Айта кетейік, «Мәңгілік Ел пойызы» жалпыреспубликалық акциясына қатысушылар бір ай ішінде еліміздің 33 елді-мекенін аралап шығуды мақсат еткен. Игі шара өз сапарын Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласында аяқтайды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz. 17-02-2016 mangilik el 4 17-02-2016 mangilik el 2 17-02-2016 mangilik el 6