17 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстанда бұрынғы пошта басшысы сотталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-02-2016-Sot turmeПЕТРОПАВЛ. 17 ақпан. Петропавлда «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалы аудандық бөлімінің бұрынғы басшысы А.Мұқжановаға мемлекет қазынасына қол салғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сотта белгілі болғандай А. Мұкжанова қызмет бабын жеке бас мүддесіне пайдалана отырып, жалған құжат жасау арқылы салымшылардың дербес есешоттарынан ақша алып отырған. Бұл қылмыстық әрекетін 2010 жылдан бері жасап келген ол 6 миллион 214 мың 28 теңгені қалтаға басқан. Петропавл қалалық соты күдіктіні Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша айыпты деп тауып, қылмыстық жолмен тапқан меншігіндегі дүние-мүлікті тәркілеумен бірге 5 жылдық мерзімге материалдық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырып, жалпы режимдегі түзеу мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz.