ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Осы іс-шараға ОІІД-нің 347 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, шараның 1 күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 139 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша 9 азаматқа, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша екі азаматқа әкімшілік шаралар қолданылды.
Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының бір азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы екі азаматқа ҚР Азаматтық-процессуалдық кодексінің 382-бабы бойынша (шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегінен шығарып жіберу) республика аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 9 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау- тарату орнына жатқызылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 17 Ақпан, 2016
Қызылордада 139 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10