17 Ақпан, 2016

Қызылордада кәсіпкерлердің мүддесі қорғалды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.02.2016 QZO jpg ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. 2016 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің 70 миллион теңгеден астам қаржысын сақтап қалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Бір айда Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 27 өтініш келіп түскен. ҚР «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметтерінің бірі ретінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау көрсетілген. Осы ретте, түскен өтініштердің басым бөлігі сотта кәсіпкерлердің мүддесін білдіруге қатысты, сот процесіне қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысты болып отыр. Мәселен, осы жылдың өзінде кәсіпкерлік субъектілерінің сотта мүддесін білдірген Палата заңгерлері кәсіпкерлердің 12 миллион теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды. Мұнан өзге, осы сот процестеріне Палата заңгерлерінің тегін қызмет көрсетуіне орай заңгерге құжат әзірлеуге, қорғаушылық қызметтерге төлейтін 2 миллион теңгеден астам қаржысы да сақтап қала алды. Мұнан өзге, палата заңгерлерінің келіссөздер жүргізуі нәтижесінде кәсіпкердің қаржысын төлемей отырған қордан 58 миллион теңгеге жуық қаржыны жақын күндері төлету мүмкіндігіне ие болды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz