17 Ақпан, 2016

Сыр бойында үш жылда 35 денсаулық сақтау мекемесі салынды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласына соңғы үш жылда 92 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазір бір тұрғынға шаққандағы шығыстар көлемі бойынша облыс Астана қаласынан кейінгі екінші орында. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп берген кезде айтқан ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Айта кетейік, Сыр өңірінде үш жылда 35 жаңа денсаулық сақтау мекемесі салынды. Соның нәтижесінде, облыста жалпы өлім-жітім 14,7 пайызға, сәби өлімі 5 пайызға, жалпы аурушаңдық 5,6 пайызға, ал туберкулезден болатын өлім саны 21 пайызға төмендеді. Әсіресе, дәрігер мамандардың білігі мен кәсіби деңгейін көтеруге ерекше ден қойылады. Осы мақсатта өткен жылы Облыстық медициналық орталық жанынан С.Асфендияров атындағы ұлттық медициналық университеттің филиалы ашылды. Өткен жылдың өзінде Жалағаш кентінде ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана және Арал ауданының Сексеуіл кентінде ауысымына 100 келушіге арналған ауылдық емхана пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттырды. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулаторияның және Жаңақорған кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхананың құрылысы басталды. Қызылорда қаласында 200 төсекке шақталған облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жалғасуда. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????