17 Ақпан, 2016

Сырдария ауданында бордақылау алаңы ашылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуінде телекөпір арқылы Сырдария ауданында 3 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Айта кетейік, бордақылау алаңы «Қаз Агро Өнім» акционерлік қоғамының қолдауымен салынып отыр. Кешенде 3000 бас ірі қара мал бордақыланып, өндірілген ет өнімдері Қызылорда, Байқоңыр, Алматы қалаларының нарығына шығарылып, бір бөлігі көрші Ресей мен Өзбекстанға экспортталмақ. Мұнда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Шаған Жер» серіктестігі ел игілігі үшін осындай жаңашыл бастамаларды алда да қолдап, оларды жүзеге асыруға дайын. Туған жеріміз, Сыр елінің  дәулеті мен абыройы арта берсін. Егемен еліміздің мерейі үстем болсын», деді «Шаған-Жер» серіктестігінің директоры Бердібек Қадыров. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????