17 Ақпан, 2016

Көкшетауда жекпе-жек түрлерінен жарыс өтті

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-02-2016 kokshetau 3АСТАНА. 17 ақпан. Көкшетау қаласында «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамдастығы және барлық қазақстандық жекпе-жек ұрыс қауымдастығы федерациясының құрметті президенті, еркін күрестен спорт шебері Дарын Сабырғалиұлының құрметіне орай алғашқы дәстүрлі турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысқа FCF-MMA ережелері бойынша, толық келісімшарттық қоян-қолтық ұрыстан, сондай-ақ, бокс, кикбоксинг, грепплинг, самбо, джиу-джитсу спорт түрлерінен әлем, Азия чемпиондары шақырылды. Олар чемпиондық белдік пен Қазақстан чемпионы атағы үшін сынға түсті. Дарын Сабырғалиұлы – Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы әкімінің орынбасары. Оның басшылығымен соңғы жылдары жекпе-жек ұрыс, самбо, джиу-джитсу федерациясының спортшылары спорт аренасында үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ, ол спорттағы ерен еңбегі үшін алғыс хаттар алды. Биыл Көкшетау қаласында жаңа спорттық кешен салу жоспарланған. Онда Дарын Сабырғалиұлының құрметіне «Дарын» ұрыс өнері академиясы ашылады. Осылайша, дәстүрлі турнир жыл сайын өткізілетін болады. Жарыс қорытындысы: Қоян-қолтық ұрыс 60 кило 1-орын – Шыңғыс Тоқымбаев 2-орын Диас Мұхамеджанов 65 кило 1-орын – Нұрсұлтан Сәкенов 2-орын – Шәміл Бархинхоев Бокс: 69 кило 1-орын – Спартак Сайдоллаев 2-орын – Бауыржан Сейсен Кикбоксинг: 70 кило 1-орын – Мадияр Абдрахманов 2-орын – Құрмет Қабдеш Грепплинг 66 кило 1-орын – Рүстем Тұраров 2-орын – Нариман Мыңбаев Самбо 65 кило 1-орын – Аслан Зейноллаев 2-орын – Рүстем Сағындықов; FCF-MMA 62 кило 1-орын – Дүйсалипов Әбілқайыр 2-орын – Ұлан Мұқашев 72 кило 1-орын – Нұрлан Мусинов 2-орын – Мейірбек Маханов 75 кило 1-орын Ибрагам Беков 2-орын Саят Жакулин 85 кило 1-орын – Бауыржан Қуанышбаев 2-орын – Қанат Әшімов Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: egemen.kz. 17-02-2016 kokshetau 1