Халықаралық шараның мақсаты – сандық технологияларды өмірге дендеп енгізіп, оның әлеуметтік топтар сатысындағы халықтың өміріне елеулі түрде тигізетін әсерін айғақтау екені биік мінберге шыққан сөйлеушілердің алғашқы сөзінен-ақ анық байқалды. «Сандық технологиялар қазіргі кезде әлемде кеңінен таралуда. Алайда, оларды пайдаланудың артықшылықтары, яғни сандық дивидендтер өмірден кешеуілдеп орын табуда. Көп жағдайда бұл технологиялар экономиканың дамуына, қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні даусыз. Алайда, өкінішке қарай, олардан келіп түсетін дивидендтер біркелкі таратылып жатқан жоқ», деді мемлекеттік секторлар саласы бойынша аға маман әрі баяндаманың тең авторы Захид Хаснайн.
Өз кезегінде сөз алған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев сандық технологияның экономикадағы бәскелестік пен тұрғындардың тұрмысын жақсарудағы атқаратын жетекші рөліне тоқталды. «Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша экономика мен әлеуметтік салаларда сандық жүйені жетілдірудің жаңа жобасы жасалыну үстінде. Оның ішіне кең жолақты интернетке барлық аумақта қол жеткізу, заңдық құжаттарды қайта қарау, мамандарды қайта даярлау секілді басқа да бағыттар кіреді. Елбасы атап өткендей, бұл бүгінгі күннің шындығы – сапалық өсімге мүмкіндік берер даңғыл жол.»
Әлемдік маңызы бар жиында жаңа бағдарламаның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналатындығы да атап өтілді. Ол – тұрғындардың кеңжолақты ғаламторға қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның сандық сауаттылығын арттыру және электронды үкіметті одан әрі дамыту екені баршаға аян жайт.
Алматыда бас қосқан Дүниежүзілік банк сарапшылары Орталық және Оңтүстік Азия елдері ашық теңізге шыға алмағанмен мобильді телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды жақсарту саласында едәуір ілгері қадам жасап үлгергенін де мысалға келтіруді ұмытпады. Сандық технологияның әлеуетті мүмкіндіктерін мейлінше кең пайдалану жолында Қазақстанға табыс тіледі.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.

Бауыржан Момышұлының мерейтойына орай плац-концерт өтті
Оқиға • Бүгін, 11:13
Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?
Оқиға • Бүгін, 11:00
Отандық бизнес сатып алуларға цифрлық платформа арқылы қол жеткізе алады
Экономика • Бүгін, 10:49
Астанадағы Қуыршақ театрына жаңа ғимарат салынады
Мәдениет • Бүгін, 10:31
2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады
Қоғам • Бүгін, 10:08
Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды
Заң • Бүгін, 09:51
Алматы – Өскемен тасжолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:38
ҚазТАГ-тың бас редакторы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қызылорда облысында кәсіпкерлер заңсыз тексерілген
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа кімдер ие болды?
Президент • Бүгін, 09:03
Шағын және микро бизнесті қолдаудың кешенді жүйесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 09:00
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі тең өркендеген өңір
Экономика • Бүгін, 08:55
Инвестиция тартуда ілгерілеу бар
Саясат • Бүгін, 08:53
Тұрғын үй – алаңсыз тіршіліктің алғышарты
Қоғам • Бүгін, 08:50
Мұнайлы өлкенің әлеуметтік әлеуеті
Экономика • Бүгін, 08:48