Ресейдің бір азаматының Зика ауруын жұқтырғаны анықталды. Ол Мәскеу емханаларының біріне дене қызуы көтеріліп, денесіне бөрте пайда болғаны туралы шағымданады. Дәрігерлер одан анализ алып, тексергеннен кейін әйелдің Зика аурумен ауыратынын анықтайды.
Зика ауруы былтыр Африка мен Азия елдерінен шыққан. Қазір онымен жер жүзінде бірнеше мың адамның ауыратыны анықталып отыр. Олардың көбісі Африка мен Азия құрлығында. Кейінірек Оңтүстік және Солтүстік Америка елдеріне де тарала бастаған. Енді, міне, Еуропаны аттап өтіп, Ресейге де жетіп отыр. Бұл елде ауруға шалдыққан әзірге жалғыз адам. Сондықтан дәрігерлер оны дереу ауруханаға жатқызып, ешкіммен араласпауын талап етті. Науқастың айтуынша, бәрі аяқ астынан болған. Ол ауруды жұқтырғанын өзім де білмей қалдым, дейді.
Қазір әйел ауруханада тиісті дәрілерді алып жатыр. Ал дәрігерлер алдын алу үшін әйелдің отбасын тексерді. Абырой болғанда, ешкімнен ештеңе табылған жоқ. Содан кейін дәрігерлер әйел мінген ұшақты да тексеріп көрді. Ол жерде де адамның денсаулығына қауіпті болатындай ештеңе табылмады. Мамандардың айтуынша, Зика ауруын Aedes aegypti деген масалар жұқтырады.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Зика ауруына қарсы емді Ресей дәрігерлері тапқан. Олар жақында бұл жабдықты Женевада таныстырды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше