Бұрнағы күні Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева екі жаттығу қорытындысы бойынша 167,88 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бірінші жаттығу – қысқа бағдарламадан кейін 16 жастағы қаршадай қазақ қызы 59,11 ұпаймен екінші орында тұрғанын атап өткен жөн. Алайда, еркін бағдарламадан кейін ол бір саты төмен сырғуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Олимпиада «алтыны» 186,04 ұпай жиған ресейлік Полина Цурскаяға бұйырды. Ал күміс жүлде 169,50 ұпайға ие болған оның отандасы Мария Сотсковаяның еншісінде кетті.
Бүгінде ересектер арасында бақ сынап, отандық жанкүйерлерге танылып қалған Элизабет Тұрсынбаева аталған Олимпиадада бұдан да жоғары орынға лайық болған еді. Жасыратыны жоқ, одан көбіміздің тек «алтын» күткеніміз де рас. Десек те, бұл жолы бұйырғаны «қола» болды.
Осы жеңісті жол 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадада жалғасын тапсын деп тілейік.
Айта кетейік, Лиллехаммердегі жасөспірімдер Ойыны басталғалы Қазақстан қоржынына үш жүлде түсті. Нақты айтар болсақ, дүбірлі доданың үшінші күні биатлоннан 6 шақырымдық спринттік жарыста сынға түскен Арина Пантова Олимпиаданың қола медалін мойнына тақты. Ал кеше конькишіміз Әнуар Мұхамәдиев аралас команда сапында спринттік сайысқа қатысып, екінші орын алды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше