18 Ақпан, 2016

Ғалымдар қатерлі ісіктің емдеу жолын тапты

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
қатерлі ісікВашингтон қаласында өткен Америка бірлескен ғылым­ды дамыту ассоциациясында ға­лымдардан құралған зерт­теуші топ қатерлі ісіктің жаңаша емдеу жолын таныстырды. Онкологиялық зерттеу ор­талығының дәрігері Стэнли Рид­делдің айтуынша, адам ағ­засында генетикалық өзге­ріс­терге ұшырап, қатерлі дертті жеңе білетін Т-лимфоциті болады. Міне, сондықтан да нау­қас өз дертімен күресе білсе, аталған жасушалар ағзадағы ісік пайда болған жасушаларды жойып жібереді. – Науқасты дертінен айық­тыратын жаңа жол гендегі жасушалар биосинтездік сүзгіден өткенде, ағзадағы онкологиялық ісік өздігінен жойылады. Ол үшін науқас өз өмірімен күресуі керек дегенді ұсынамын, – деді дәрігер. Айта кетейік, Ридделдің тобы ұзақ зерттеу жүргізу бары­сында жаңашыл емнің нәти­жесінде науқастың ағзасындағы қатерлі ісіктің 94 пайызы жойы­лып кеткен. Сондай-ақ, қа­ра­лушылардың 80 пайызына жақсы деген қорытынды шығарылған. – Менің пайымдауымша, жаңашыл терапияны қабылдап, өз дертімен күрескен науқастың өмірі айтарлықтай ұзарады. Ол үшін 4-5 ай мерзімде клиникалық сынақтан өтіп, дәрігердің емін алуы керек, – деді Риддел. Сондай-ақ, ол медициналық терапияда науқас Т-лимфоцитін қабылдап, ішкі түйсігіне ісік жасушалары жойылады, дертіме ем болады деген ойды сіңіруі тиіс. Сонда адам ағзасы үлкен өзгеріске ұшырап, қатерлі дерттен айығады, деді. Милан қаласындағы сынақ клиникаларының бірінде 10 науқас жілік майына трансплантация жасату үшін имму­нитетті күшейтетін ем ретінде Т-лимфоцитін қосқан. Ал ағ­задағы аталған жасуша 14 жыл бойы өзінің күшін жоймай ке­леді. Қорыта келгенде, бұл ге­не­тикалық иммунитетті арттыратын жасушалар онко­логиялық дертті жеңуге қауқарлы екенін медицинада дәлелдеді. Ғалымдар дәстүрлі химия­терапияның орнын жаңашыл Т-лимфоциті болашақта алмас­тырады деп үміттенеді. Төребек ТҰРМАНОВ.