«Мен Қазақстанды сүйемін». Осыдай тақырып аясында «Ақ жол» демократиялық партиясы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай суреттер байқауын жариялады.
«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов жаңа жобаның тұсаукесерінде аталған байқаудың мән-маңызына тоқталды.
– «Ақ жол» партиясы бүгіннен бастап ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мен Қазақстанды сүйемін» атты сурет байқауын жариялайды. Байқауға қатысушыларға жас жағынан шектеу қойылмайды: мектеп оқушысынан бастап егде жастағыларға дейін қатысуларына мүмкіндігі бар. Оған қоса, байқауда фотосурет саласында ғана емес, сондай-ақ, қылқаламға әуес жандардың да бақтарын сынауларына болады. Яғни, сурет өнерінің әрқилы жанрдағы шығармалары қабылданады, – деді ол.
Әбдіразақ Кенжекбекұлының айтуынша, байқау ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналып отырғанымен, тақырыптық тұрғыдан еркін шығармашылықты көздейді. Байқауға қатысушы әрбір талапкер өз туындысында Отанын, мемлекетін, елін ардақтауды қай тұрғыда бейнелейді, қандай ұғымдармен байланыстырады, қалай жеткізуге тырысады – мұның бәрі олардың шығармашылық ой-қиялына барып тіреледі. Яғни, шығармашылық шабыт еркін елді қалай ардақтайтындығымен астарласады деген сөз. Қысқасы, әрбір талапкердің туындысы Отанды сүю шығармашылық тұрғыдан қаншалықты сәтті, табысты бейнелегендігімен бағаланады. Оны білікті мамандардан құрылған арнайы комиссия қарап, үздік суреттерді іріктейді.
Байқау бір айға созылып, оның қорытындысы 18 наурызда шығарылады.
Байқау барысында іріктеліп алынған үздік суреттер сайлау кезіндегі партияның имидждік өнімдерінде пайдаланылатын болады.
«Егемен-ақпарат».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше