А.Смолинның төрағалық етуімен Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті.
Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады және Елбасының соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету оның негізгі міндеті болып табылады.
Судья лауазымына кандидаттардан емтиханды қабылдау жөніндегі Біліктілік комиссиясының жаңа құрамы отырыста бекітілді, оның құрамына ғылыми қоғамдастықтың, прокуратураның, әділет органдарының, адвокатураның өкілдері тағайындалды, сондай-ақ, Жоғарғы Соттың жанындағы аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымына Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілді.
Судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық жаңалықтарды жүзеге асыру мақсатында Кадр резервін қалыптастыру және оған қатысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары мен соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережеде отырыста бекітілді. Аталған құжаттарда сот жүйесінде меритократия қағидатының жүзеге асырылуы көзделген, сондай-ақ, судьяларды іріктеуге жұртшылық өкілдерінің қатысуы жөнінде мәселелер реттелген. Сонымен қатар, сот жүйесі мен Жоғары Сот Кеңесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері отырыста қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.
«Егемен-ақпарат».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше