Кеше Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) Қазақстанда сайлау өткізу барысын байқау миссиясының басшысы Борис Фрлек баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында Қазақстан тарапының шақыртуымен келген миссияның жұмысы ресми түрде басталғаны жария етілді.
Брифинг барысында ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Б.Фрлек алдағы сайлау науқанында миссияның негізгі атқаратын мақсат-міндеттеріне және оның құрамына кеңінен тоқталды. «Миссия құрамында Астанадағы 11 сарапшыдан тұратын негізгі топ, сондай-ақ, 23 ақпаннан бастап 2 адамнан тұратын командамен барлық өңірлерде жұмыс істейтін 28 байқаушы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ДИАҚБ ЕҚЫҰ-ға мүше елдерге қысқа мерзімге 400 байқаушы жіберу туралы ұсыным жасайды. Бұл байқаушылар сайлау басталуына бірнеше күн қалғанда келеді.
Жалпы, миссия сайлаудың халықаралық міндеттемелерге, демократиялық сайлау стандарттарына және ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалауды көздейді. Халықаралық байқаушылар депутаттықтан үміткерлер мен электоратты тіркеуді, сайлау комиссиясы мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, сайлау туралы заңнаманың орындалуын және сайлау өткізуге қатысты дауларды шешуді зер салып қадағалайды. Сайлау науқанын жариялау жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын байқау да миссияның міндетіне кіреді», – деді Б.Фрлек.
Сондай-ақ, ол миссия мүшелері байқау барысы бойынша мемлекеттік органдармен саяси партиялардың өкілдерімен, үміткерлермен, сондай-ақ, азаматтық қоғам, БАҚ және халықаралық бірлестік өкілдерімен кездесулер өткізетінін жеткізді.
Сонымен қатар, Б.Фрлек сайлау күні байқаушылар сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, бюллетеньдерді есептеу және сайлау қорытындысын шығаруды қадағалайтынын айта келіп, «Халық дауыс беретін күні ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен бірлесе жұмыс істейді. ДИАҚБ аралық және байқау миссиясы аяқталғаннан кейін шамамен сегіз апта ішінде қорытынды баяндамасын жариялайды», – деді. Оның айтуынша, ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның сайлауды байқау миссиясы мен Астанадағы ЕҚЫҰ өкілдігі жеке және өз өкілеттіктеріне сәйкес әрекет етеді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05