«Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы туралы аймақтармен селекторлық отырыс өткізілді. Іс-шараға Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Абылайхан Оспанов, қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Жүкенов, партияның Орталық аппараты заң қызметінің консультанты Арнұр Шегибаев және аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілері қатысты.
«Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданып, медия-жоспар бекітілді. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде сенімді өкілдер мен депутаттыққа кандидаттардың сайлаушыларды қабылдау жұмысын үйлестіретін 16 аймақтық және 208 аумақтық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылмақ», – деді А.Оспанов.
Сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын ұйымдастыру, міндеттерін айқындау туралы сөз қозғаған Жұмажан Жүкенов, біріншіден, сайлау науқаны кезінде партияның қоғамдық штабының қоғамдық қабылдау бөлмелері Астана мен Алматы қалаларында және облыстарда, аудан орталықтарында құрылып, жұмыс атқаратынын жеткізді.
«Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің бір ғана қаржы көзі – сайлау қорының қаражаты. Қоғамдық қабылдау бөлмелері – қоғамдық штаб аппаратының құрылымдық бөлімшесі. Олардың негізгі міндеттері – партияның сайлауалды бағдарламасының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тұрғындар арасында сайлау заңдылықтарын түсіндіру мен сайлауға қатысуға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру. Сайлау науқанына дайындық пен оны өткізу барысында заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинап, оны талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл – біздің негізгі міндеттеріміз. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің филиалдары өз жұмыстарын кестеге сәйкес атқарады», – деді Ж.Жүкенов.
Сондай-ақ, ол сайлау науқаны кезінде қоғамдық қабылдау бөлмелері партия ғимараттарында ғана орналасатындығын, ал егер, партия кеңселерінен тыс ғимараттарда болса, ол тек келісімшарт арқылы ғана жүргізілуі тиіс екендігін атап өтті. «Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мемлекеттік ұйымдар мен білім беру мекемелерімен бір ғимаратта жұмыс атқаруларына тыйым салынады», – деді қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары.
Жиын барысында сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сайлау науқанына әзірліктері тексеріліп, әдістемелік нұсқаулықтар және заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың сөздеріне қарағанда, сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелері заңнамаға сәйкес жұмыс істеп, сенімді тұлғалар мен депутаттыққа кандидаттардың сайлаушыларды қабылдау кестесін құрастырып, қабылдауларын ұйымдастырмақ.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38