АЛМАТЫ. 17 ақпан. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау облысындағы әлеуметтік инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуы жөніндегі жылдық жиналысында іс жүзіндегі бағдарламалардың нәтижесін баяндады. Бұл туралы компанияның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі таратқан мәліметтеріне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Бизнестің корпоративтік жауапкершілігі бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибелерін негізге ала отырып, «Теңізшевройл» ерікті «Игілік» бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы секілді бірқатар мақсатты жобаларды жүзеге асыру арқылы Атырау облысындағы әлеуметтік саланы дамытуға айтарлықтай қаржы жұмсауда», – деді компанияның бас директоры Тед Этчисон.
Бүгінде «Теңізшевройл» әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде тәжірибесі бар үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмысы өз жемісін беруде. Жылдық бюджеті 1 миллион АҚШ долларынан аса құрайтын әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы денсаулық сақтау, білім беруге бағытталған жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Жылдық есепке арналған шарада жергілікті кәсіпкерлік пен жұртшылықты қолдаудың үлгісін көрсетуде үздік деп танылған бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен бір топ еріктілер арнайы сыйлықпен марапатталды. 1993 жылдан бастап компания өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,1 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
Ал 2016 жылға Атырау облысының денсаулық сақтау, білім және оқыту салаларының сапасын жақсартуға көмектесу үшін компанияның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ доллары шамасында қаржы бөлінді.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: «Теңізшевройл» Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05