АСТАНА. 18 ақпан. Өткен түнде Түркия астанасы – Анкара қаласында жарылыс болып, 28 адам қаза тапты. Лаңкестік оқиға қаланың орталық ауданында орналасқан әскери жатақхананың маңайында болған. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соңымен қатар, жарылыс болған ауданда Түркияның әскери әуе күштері және әскери теңіз күштері қолбасшылығының ғимараты орналасқан. Одан бөлек, оқиға орнынан 100-300 метр жерде Бас штаб, Ішкі істер министрлігі және Парламент ғимараты бар.
Алдын ала белгілі болған деректерге қарағанда, бағдаршамға тоқтаған Түркия Қарулы күштерінің қызметтік автобусы жанында мина қойылған автокөлік жарылған. Бұл кезде автобуста қызметтерінен жатақханаға қайтып келе жатқан сарбаздар мен офицерлер болған.
Түркияның Бас штабы осы оқиғаға байланысты ел астанасында әскери қызметшілерге террорлық шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Соның салдарынан 28 адам қаза тапса, 61-і жарақат алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: EPA.
• 18 Ақпан, 2016
Түркияда террорлық әрекет салдарынан 28 адам қаза тапты

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше