Мемлекетке деген сенім қашанда халықтың адал еңбек етуіне себепші болары хақ. Өйткені, сол еңбектің өтеуі болатынына ел сенеді. Ал сенім адам жігерін жанып, күш-қуатын арттырып, тек алға бастыра беретіні тағы анық. Міне, сол сеніммен мемлекеттен қолдау тауып, бүгінде бір өзі ғана емес, үш бірдей ісмер жанның басын қоса барлығына тең жұмыс орнын ашып отырған адам Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны, кәсіпкер Айгүл Тажиманова. Ол осыдан екі жыл бұрын өз бетінше жұмыспен қамтылған жан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты – жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығына шағын несие алу үшін өтініш білдіріп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын несие беруші мекемеден 2 млн. теңге несие алған еді. Сол несиеге өзінің жекеменшік тоқыма цехын ашып, тоқыма бұйымдарын көптеп шығаруда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы көмек алып, өз ісімді әрі қарай жалғастырып отырмын. Мемлекет тарапынан қолдау көрсеткені үшін Елбасына шексіз алғысымды білдіремін», дейді кәсіпкер. Негізі аз сөйлеп, нақты ісімен жауап беретін жанды ауылдастары әркез мақтан тұта, құрметтей біледі. Басты себеп шығарған өнімі сапалы, тиісті бағасына сатып алып игілігіне жаратуға лайық. Қазақта «Бет көрсе жүз ұялады» деген сөз бар. Сондықтан, тоқыма бұйымдарына керекті заттарды таңдап алуда сапасына баса назар аудару басты талабы болып табылады. Әлбетте, отандық өнім бірінші кезекте таңдалынатыны тағы бар. Ондағы ұстаным, мемлекет қолдау көрсетіп, тоқыма цехын ашуына жол ашқандықтан, оның қайтарымы әрі арзан, әрі сапалы өнім шығару деп санайды кәсіпкер. Сөйтіп, алдыға ұмтылу арқылы адал еңбегінің өтеуін көріп отырған жан заман талабына сай өндіріс орнын үлкейте түсуді де ойластыруда.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы.

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше