20 Ақпан, 2016

Жедел шаралар қолданылуда

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сіз не дейсіз? су тас­қынының зардабынАқмола облысы был­тырғы жылғы су тас­қынының зардабын көп көрген аймақтың бірі. «Қаз­гидромет» болжамына сәй­кес, биыл да күрделі жағ­дай қалыптасуын жоқ­қа шығаруға болмайды. Облыс аумағындағы өзен­дер­дегі топырақтың күзгі ыл­­ғалдануы әдеттегі қалып­тан 1,5-2 есеге жоғары бо­лып тұр. Бұл жағдай облыс­тың 10 ау­данында және Щучинск, Степ­ногор қала­ларында тіркел­ген.

«Егемен Қазақстанның» Ақмола облысындағы тілшісі Бақберген Амалбек облыстық

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Әбдіхалықовқа:

– Сіз бұған не дейсіз? – Тасқын судың зардабын болдырмау жөніндегі облыстық шұғыл штаб құрылды. Оны облыс әкімі басқарады. Өткен жылдардағы орын алған су тасқындары дерек­терін саралай келе, облыс аума­ғындағы су тасқыны орын ала­ды деген 16 қауіпті өзен ау­мақтары анықталып (Коко, Жа­бай, Сарықамыс, Талқара, Жы­­ланды, Есіл, Қылшақты, Колу­тон, Шағалалы, Нұра, Қай­рақ­ты, Қызыл-Су, Жолболды және Бақсұқ) бақылауға алынды. Департамент бүгіннің өзін­де су тасқынының алдын алу жұмыстарын бастап кетті, атап айтқанда, облыстың елді ме­кен­дерінен 240 мың м3 қар шыға­рылып, 22 мың тонна инерт­тік материалдар, 9,65 мың қап, 340 тонна жанар-жағармай дайындалды. Жергілікті атқа­рушы органдармен, шаруа қо­жалықтарымен елді мекен­дерден қарды шығару жұмыс­тарына көмек көрсету бойынша меморандумдар жасалды. Облыс аумағындағы жағ­дайды тұрақты түрде бақылап, сараптама жүргізіп отыру үшін гидрометеорология бойынша облыстық орталықтың 29 ме­теобекеті, 19 гидробекеті, 10 агрометеобекеті тұрақты түрде жұмыс істейді. Аудандық әкімдіктердің күшімен өзен суларының жағдайы мен дең­гейін бақылайтын 80 қосымша бекет ұйымдастыру да қолға алынуда. Жалпы, облыс ауданда­ры мен қалаларындағы тас­қын су алу қаупі бар кезең аралы­ғында көмек көрсету үшін облыстың азаматтық қорғаныс құрылымдарында 2174 адам, 504 бірлік техника, 188 бірлік су тартқыш техника мен 42 бірлік жүзу құралы дайын тұр. Ал аудан әкімдіктері болса, қауіпті аймақтардан адамдарды көшіру қажет болған жағдайда арнайы 145 қабылдау орындарын, 250 палатка, 1,2 мың кереует және 4,4 мың төсек құралдарын алдын ала дайындап қойған. Ақмола облысы.