20 Ақпан, 2016

Қазақ актері суперқаһарман рөлін сомдады

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Санжар МадиевҚазақстандық актер Санжар Мәдиев Ресейдің «Қорғаушылар» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Бұл кинотуындыда Кеңес заманындағы жойқын күш иелерінің ерліктері баяндалады. Мамандар аталған картинаны Голливудтың «Икс адамдар» атты блокбастерінің аналогы ре­тінде бағалап отыр. Себебі, бұл фильмде де тылсым күшке ие су­пер­қаһармандардан құралған топ зұлымдықпен күресіп, бей­бітшілік үшін қан төгеді. Оқиға желісі бойынша топ мүшелері ұзақ уақыт өздерінің кім екендерін жасырып, қара­пайым халықпен бірге өмір сү­реді. Ал ел басына күн туған со­ғыс ке­зінде олар атқа қонып, ха­лық­ты жауыздықтан құтқарады. Қаһармандардың барлығы КСРО құрамында болған әртүрлі ұлт­тың өкілдері. Сондықтан фильм барысында әр мықтының өзін­дік ерекшеліктерімен қатар, ұлт­тық болмысы мен дәстүрі де ес­керілген. С.Мәдиев картинада Хан есімді желден де жылдам қор­ғау­­шының рөлін ойнайды. Сол себепті де оны топ мүшелері жел-адам деп атайды. Айта кетейік, фильмнің ре­жиссері Сарик Андреасян да Қа­­­­­­зақ­­станның тумасы. Ол Қос­та­най қаласында туып-өскен. Ре­жиссердің айтуынша, жаңа фильм 2017 жылдың ақпан айында кө­рермен назарына ұсынылмақ. Ернар МҰХАМБЕТ.