20 Ақпан, 2016

Янтарьдың діңінде 20 млн. жылдық шөп өскен

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

019-02-yantarӘлем-жәлем әлем

Американың Орегон штатындағы университет ғалымдары янтарь діңінен 20 млн. жылға жуық уақыттан бері тұрған белгісіз бір өсімдікті кезіктірді. Зерттеушілер аталған янтарьдың ішін­де екі жапырақ болып қалып қойған бұл өскінді қазіргі флораның арғы бабалары болуы мүмкін деген болжам біл­дірді. Атап айтқанда, олар планетадағы өсімдіктердің үштен бір бөлігін құрайтын, шамамен 80 мыңға жуық түрдің арғы шығу тегі болып саналатын астерид тобына жататын болса керек. Ұйқыны реттеп тұратын да ген бар екен California Institute of Technology тобының ғалымдары омыртқалылар геномдарына кең ауқымды зерттеу жүргізе келіп, одардың ұйқыны реттеп тұратын гендерін тапты. Бұл геннің шамадан тыс белсенділік көрсетуі адамдардың ұйқысыздық ауруының ауыр түріне шалдығуына апарып соқтырады екен. Ал мұндай гені жоқ балықтар оңайлықпен ұйықтай қоймайды. Бұған қоса, олар күні бойы марғау тір­шілік етіп, баяу қимыл жасайтын көрінеді. 019-02-ronalduБір суретінің құны – 1 миллион еуро Белгілі португал футболшысы Криштиану Роналдудың бір суреті мен бес рет берген қолтаңбасының құны 1 миллион еуродан асып кетіпті. Спортшы 2012 жылы өзінің суреттерін тарату құқығын MIM компаниясына берген. Осыған байланысты Mobily-мен келісімшартқа отырған. «Реалдың» лидері осының негізінде бір реттік есеппен 1,1 млн. еуро ақша алған. Бұл үшін ол бар болғаны бес футболкаға қол қойып, әлеуметтік желіге екі пост жазып, бір рет суретке түскен. Демалушылар дельфиннің баласын қаумалап өлтірді Аргентинада «қой көрмеген қуалап жүріп өлтіредінің» кері келді. Буэнос-Айрес провинциясындағы Санта-Терезита курорты жағалауында демалушылар сыртқа шығып қалған дельфиннің баласын ұстап көрмекке таласып жүріп, ақыры оны өлтіріп тынды. Толқымалы тобыр жануарды жағалаудан көрген бойда жабыла қоршап алып, әрқайсысы оны қолдан қолға көшірді. Қызықтары басылғасын, онсыз да ыстық күннен өлу халіне жеткен мақұлықты қайнап жатқан құмның бе­тіне тастап кете барады. Сөйтсе, бұл дельфиннің сусыз жер­де көп өмір сүре алмайтын францискалық сұрпынан болып шықты. 019-02-kalmakҚалмақтар киіз үйден бес жұлдызды мейманхана ашпақшы Жақын арада Қалмақ елінде киіз үйден бес жұлдызды көшпелі отель қатарға қосылғалы тұр. Бұл республикада көшпелі өмір салтын қызықтауға құмарларға арналған «ар­балы-киіз үйлі» туризмнің нағыз дүр­мегі басталғалы тұрғанын көрсетеді. Осыған байланысты қазір, көктемгі маусым алдында елдегі жолдардың бойларына аудентикалық дала қоныстары салынғалы жатыр. Бельгияда имамдар арнайы жалақы алатын болды Бельгияның билігі елде мұсылмандар арасында толеранттылықты насихаттауды қолға алатын имамдар үшін 3,3 миллион еуроға жуық жалақы белгіледі. Елдің әділет министрлігі бұл шараның мұсылман жастары арасындағы радикалдану үдерісін тоқтатуға мүмкіндік әперетінін айтып отыр. Министр Коэн Геенс үкіметтің экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шеңберінде биылдан бастап жаңа мешіттерде бейбіт қа­тар өмір сүруді уағыздайтын 80 имамға арнайы айлық төлейтінін атап өтті.  Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.