20 Ақпан, 2016

Әкім мүгедек балаға арба сыйлады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG-20160210-WA0005«Әкім бол, халқыңа жақын бол» дейтін даналық Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нұркеновке қа­ратып айтылған ба деп қаласың. Жақында ол ел аралап жүріп, Сарыоба ауылында сә­би күнінен мүгедек он үш жасар Қайрат Елеу­сізге өз қаражаты есебінен мүгедектер арбасын сыйлады. Осылай «бесіктен белі шықпай жатып» тағдырдың зарын тартқан жасөспірімге жанашыр болып, оған ізгілік танытты. «Қуанышымызда шек жоқ. Мүгедек жанды күткен жан ғана адам тағдырының қандай қиын екенін түсінеді. Баламыздың өз қатарластарынан кемдік көргені жанымыз­ға батып, жүрегімізді ауыртады. Амал не, тағдырдың тезіне кім қарсы тұра алсын», – деп мұңаяды Қайраттың әкесі Саршал Елеусіз. Сосын әкімге деген өзінің ризашылығын білдіріп, алғысын жолдады. Енді көңіл кір­біңіне шуақ ұялаған Қайрат та бір сәт мұң-наласын ұмытып, жүзіне күлкі үйірілді. Біз де қоса қуандық. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы. Аршалы ауданы.