20 Ақпан, 2016

Делдалдар нарық теңдігін бұзып жүр

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Асылжан МамытбековАуыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Оңтүстікте екі күндік іссапарда болды. Оңтүстік Қазақстан облысына республика бойынша жылыжайдың 87 пайызы тиесілі. Яғни, мемлекеттің көкөніс өнімдеріне қажеттілігін өтеуде Оңтүстіктің әлеуеті үлкен. Министр «ҚазАгроном» серіктестігінің 3 гектарға салған жылыжайының жұ­мысымен танысты. «Бизнестің жол карта­сы-2020» бағдарламасы бойынша 1 млрд. теңгеге салынған жылыжай соңғы технология жетістіктерінің жемісін көруде. Серіктестіктің әкімшілік директоры Тоқсаба Тоқсанбаев 813,1 млн. теңгені «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тан несиеге алғандарын айтады. Ал, қалған 237,5 млн. теңге өздерінің үлесі. Қыс, көктем мезгілдерінде 540 тонна қияр жинаған серіктестік жаз, күз мезгілінде 240 тоннаға дейін қызанақ алыпты. Биылғы өнім­нің басы келісі 400 теңгеден ай­налған. Қайда өткіземін дей­тін­дей емес, Ресейдің Ново­сібір қаласымен келісімшарт бар. Ал, қазақ­стандық нарықта Қара­ғанды облысымен байланыс орнатылған. Бұдан кейін Асылжан Сары­байұлы көршілес «Иф­тихари» қожалығына тиесілі екі гектар алқапты алып жатқан жылыжайда болды. Бұл шаруашылық та мемлекеттік қолдаудың ар­қасында шаруасын түзеп алған. Жылыжайға салынған 500 млн. теңгенің 300 миллионы «Қаз­АгроҚаржы» АҚ-тан жеңілде­тілген несиемен алынған. Израиль­дің технологиясын пайдаланып отырған шаруашылықтың өнді­ріс­тік қуаты 400 тоннаға дейін жетеді. Министр жылдың төрт мез­гілінде де жұмысын доғармай жұ­мыс жасап отырған жылыжай­лар­дың иелеріне табыс тілей отырып, кейбір түйткіл жайттарды тілге тиек етті. Жаңа жыл алдында Астана мен Алматыда қияр мен қызанақтың килосы 1200 теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Сол кезде Оңтүстік жылыжайлары өнімінің әр килосын 500 теңгеден өткізе алмай, сарсаңға түскен. Яғни, ортадағы делдалдардың жұмысы жақсы жолға қойылған. Сондықтан, өндірістік қажеттіліктерден бөлек сауда логистикасы, тасымалдау мәселелерін шешудің тетігін ойластыру керек. «Біз бұл мәселені шаруа мен сатып алушы ыңғайына сай шешіп, бағаны біршама тұрақтандырамыз», деді ол. Сол күні министр «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінің мәжіліс залында Оңтүстіктің фермерлерімен кездесіп, көптеген сауалдарына жауап берді. Ауыл шаруашылығын да­мы­туға елеулі әсері бар, келелі мә­се­лелер талқыланған жиынға облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов та қа­тыс­ты. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.